Астаналық «Барыс» хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне өтті. Андрей Назаров жаттықтыратын команда бүгін түзде «Амурды» екінші рет тізе бүктірді.
Хабаровск қаласында өткен екінші ойында қазақстандық клуб 2:3 есебімен жеңіске жетті. Екі кезең қорытындысы бойынша «Барыс» есепте 0:3 есебімен алға шықты. Ойынның алғашқы шайбасын Константин Романов салса, Олег Кваша мен Николай Антроповтың арқасында есеп еселей түсті. Дегенмен, үшінші кезеңнің соңында қарсыластар өз шабуылдарын үдетіп, бір шайба салып кетті. Ал ойынның аяқталуына бес-ақ секунд қалған кезде Михел Миклик есеп айырмасын 2:3-ке дейін жеткізе білді. Бұдан кейін есеп өзгермеді. Осылайша, «Барыс» хоккей клубы түзде өткен екі ойында да «Амурдан» басым түсіп, 6 ұпайды олжалады. Кеше отандастарымыз қарсыластарын 3:5 есебімен жеңген еді.
Осылайша 84 ұпай жинаған «Барыс» шығыс конференциясында бесінші орынға, ал құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде он бірінші орында тұр. Нәтижесінде плей-оффқа ілікті. Алдағы ойындарда астаналық ұжым жеңіліс тапса да, сегізінші орыннан төмен түспейтін болады. Андрей Назаров шәкірттері келесі кездесуін Новокузнецкінің «Металлург» командасына қарсы ойнайды. Ойын 20 ақпан күні Астана қаласында өтеді.
Сурет:dvnovosti.ru
Оқи отырыңыз
2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды