«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын ойсырата ұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын ойсырата ұтты
Фото ©️ vk.com

«Барыс» клубы Астанада құрлықтық хоккей лигасында көш бастап келе жатқан Мәскеудің «ЦСКА» клубын ойсырата ұтты. Қазақстандық клуб қарсыластар қақпасына жауапсыз 4 шайба соқты.

БӨЛІСУ

Занковец Эдуард жаттықтыратын елордалық ұжым есепте жылдам алға шықты. Екінші минутта Вячеслав Трясунов Евгений Рымаревтің берген пасын сәтті пайдаланып, шайба авторы атанды. Екінші кезең басында «Барыс» тағы жылдам шайба соққанымен, төрешілер голды есепке алмады. 26 минутта Евгений Рымарев кезекті шайбаны соқты.

Үшінші кезең басында қазақстандық клуб мәскеулік ұжымды тағы да қапы қалдырды. Бұл жолы Найджел Доус шайба соғып, белсенді. Ойынның аяқталуына 5 минут қалған Роман Старченко дәл соққысымен есепті 4:0 жеткізді. Одан кейінгі аралықта есеп өзгермеді.

«Барыс» маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, құрлықтық хоккей лигасында 10 ойын қатарынан жеңіске жетіп келе жатқан «ЦСКА»-ның жеңісті сериясын тоқтатты.