Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» Қазанда «Ақ Барыстан» ұтылды. Мұз айдын иелері елордалық ұжымды 2:1 есебімен ұтты.
«Ақ Барыс» командасы ойындағы екі шайбаны да бірінші кезеңде соқты. 11 минутта Михаил Барнаков есеп ашса, араға 2 минут сала Федор Малыхин мергендігімен көзге түсті. «Барыс» ойыншылары кездесудегі бір шайбаны екінші кезеңде өз еншілеріне жазды. Мартен Сен-Пьер шайба авторы атанды. Үшінші кезеңде «Барыс» таразы басын теңестіруге ұмтылғанмен, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады.
«Барыс» келесі ойынын да түзде өткізеді. 27 қазан күні «Нефтехимикке» қарсы ойнайды.
«Ақ Барс» — «Барыс» 2:1 (2:0, 0:1, 0:0)
Шайбалар:
1:0 — 11:33 Варнаков (Малыхин, Обухов). Тең құрамда
2:0 — 13:38 Малыхин (Захарчук, Варнаков). Тең құрамда
2:1 — 24:43 Сен-Пьер (Боченски). Тең құрамда
«Ақ Барыс»: Галимов — Абросимов-Охтамаа, Свитов-Азеведо-Лукоянов; Йордан-Мусин, Жуков-Ткачёв-Чибисов; Захарчук-Токранов, Попов-Глинкин-Глухов; Сидоров-Лазарев, Варнаков-Обухов-Малыхин;
«Барыс»: Карлссон — Даллмэн-Семёнов, Боченски-Доус-Сен-Пьер; Баркер-Трясунов, Кучин-Старченко-Рымарев; Липин-Шалапов, Маркелов-Худяков-Тривино; Савченко, Шин-Гренц-Панюков, Иванов.
Айып уақыты: 4:4 (2:0, 2:0, 0:4)