"Барыс" жеңісті жолын жалғады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Барыс" жеңісті жолын жалғады
Фото ©️ Барыс ХК

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойында Астанада "Витьязды" ұтты. Елордалық команда қарсыластарын қосымша уақытта (овертайм) қапы қалдырды.

БӨЛІСУ

Қос команда арасындағы негізгі уақытта 2:2 есебі тіркелді. "Барыс" сапынан Роман Старченко мен Кевин Даллмэн шайба соқса, "Витьяз" клубы қатарынан Алексей Семенов пен Яакоо Рисанен мергендігімен көзге түсті.

Қосымша уақытта Мартен Сен-Пьер "Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

"Барыс" Шығыс конференцияда 54 ұпаймен екінші орында келеді. Келесі ойынын 5 қараша күні Астанада Мәскеудің ЦСКА командасына қарсы өткізеді.

"Барыс" — "Витязь" 3:2 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 1:0)

Шайбалар:

1:0 — 06:32 Старченко (Гурков). Тең құрамда
1:1 — 10:43 Семёнов (Рендулич, Риссанен). Ойыншы басымдығында
2:1 — 27:14 Даллмэн (Сен-Пьер, Вей). Ойыншы басымдығында
2:2 — 49:28 Риссанен (Рендулич). Тең құрамда

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Сауторн — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Акользин, Старченко, Маркелов, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко;

"Витязь": Сапрыкин — Семёнов, Катичев, Мозин, Бурстрём, Головков, Воронков, Лукин, Паутов — Кулагин, Хорак, Выглазов, Копейкин, Риссанен, Сёмин, Петраков, Швец-Роговой, Рендулич, Панков, Рендулич, Макеев.

Айып уақыты: 10:6 (6:2, 4:4, 0:0, 0:0)

Бас төреші: Сергей Кулаков, Виктор Гашилов

3 қараша. Астана. «Барыс Арена» 5 601 көрермен.