Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы басталды. "Барыс" Астанада "Нефтехимикпен" ойнап, овертаймда қарсыластарына есе жіберді, - деп хабарлайды msports.kz.
Негізгі уақытты командалар 1:1 есебімен аяқтады. Бірінші болып "Барыс" сапынан екінші кезеңде Элиссон Уэйд шайба соқты. Оған шайбаны Уилл Бутчер мен Майкл Маклауд жеткізіп берді.
50-минутта ресейлік команда сапынан Владимир Брюквин есепті теңестірді. Дмитрий Соколов пен Илья Пастухов бастаған шабуылды сәтті аяқтады.
Ойын жеңімпазы овертаймда анықталды. "Нефтехимикке" жеңіс сыйлаған шайбаны 64-минутта Жан-Себастьен Ди соқты. Ол қарымта шабуылдағы мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, командасына 2 ұпай сыйлады. "Барыс" жаңа маусымды 1 ұпаймен бастады.
"Барыс" келесі ойынын 6 қыркүйек күні "Тракторға" қарсы өткізеді.