“Барыс“ хоккей клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
“Барыс“ хоккей клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды
Фото ©️ hcbarys.kz

"Барыстың" бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды. Бапкермен жасалған келісім осы маусымның соңына дейін есептелген, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

Ресейлік маман ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, сонымен қатар Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, ол Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, "Сочи" және "Нефтехимик" командаларының бас бапкері болған. Соңғы рет жаттықтырушы "Витязь" клубында бас бапкер болып, ҚХЛ 2022-2023 жылдар маусымында команданы плей-офф кезеңіне шығарған.

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Олег Ромашко, Андрей Шаянов, Кирилл Легчаков пен Сергей Тамбулов "Барыс" бапкерлері құрамындағы жұмыстарын жалғастырады.