“Барыс“ хоккей клубы легионерлерсіз алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
“Барыс“ хоккей клубы легионерлерсіз алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото ©️ instagram/ barys_official

"Барыс" хоккей клубы бас бапкерін ауыстырып, құрамын легионерлерден тазартқаннан кейін алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

БӨЛІСУ

Минск қаласында кезекті кездесуін өткізген қазақстандық хоккей клубы алғашқы кезеңді жеңіліспен бастады. Алайда матч соңына дейін екі шайба соғып, керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, екі маусым қатарынан сәтсіз өнер көрсеткен "Барыс" хоккей клубының бас директоры жақында отставкаға кеткен болатын.

Борис Иванищевтің орнына клубты бұрын басқарған Нұрлан Оразбаев келді. "Барыстың" бас бапкері де ауысып, бас бапкер қызметіне келген Ғалым Мәмбетәлиев командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, бүгінгі ойынға жергілікті ойыншыларды қатыстырды.

Елордалық команда 23 қазанда "Сібірге" қарсы ойнайтын болады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!