«Барыс» Бейжіңде бабын байқатпады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Барыс» Бейжіңде бабын байқатпады
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын «Барыс» Бейжіңде «Куньлунь Ред Стар» клубынан 5:1 есебімен ұтылды.

БӨЛІСУ

«Аспан асты елі» командасының сапынан Томаш Марчинко дубль авторы атанса, Йоонас Ярвинен, Шон Коллинз және Виделль Линус бір-бір шайбадан соқты. Елордалық ұжымның ойындағы жалғыз шайбасын Найджел Доус өз еншісіне жазды.

«Барыс» келесі ойынын 19 желтоқсан күні Владивостокта «Адмиралға» қарсы өткізеді. Эдуард Занковец жаттықтыратын команда жетінші ойынын сырт алаңда өткізеді.

«Куньлунь РС» — «Барыс» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

Шайбалар:
1:0 — 04:00 Ярвинен (Тайми, Яшин). Тең құрамда
2:0 — 22:13 Марцинко. Тең құрамда
3:0 — 37:26 Коллинз (Виделль, Тайми). Тең құрамда
4:0 — 46:10 Марцинко (Поникаровский, Белльмор). Ойыншы азда
4:1 — 51:20 Доус. Ойыншы басымдығында
5:1 — 58:21 Виделль. Тең құрамда (ашық қақпаға)

«Куньлунь РС»: Кархунен — Мянтюля-Яласваара, Рау-Виделль-Коллинз; Виклунд-Белльмор, Флёри-Саллинен-Бакош; Ярвинен-Тайми, Поникаровский-Величкин-Марцинко; Микулович-Юйэнь, Яльшевский-Яшин-Ин;

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Боченски; Баркер-Шалапов, Старченко-Сен-Пьер-Рымарев; Липин-Савченко, Бельгибаев-Худяков-Кучин; Ибрайбеков-Трясунов, Гренц-Никулин-Тривино.

Айып уақыты: 6:4 (0:2, 2:2, 4:0)

Бас төреші: Михаил Бутурлин, Роман Гофман