“Барыс“ барлық легионермен қош айтысты, тек қақпашы қалды

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
“Барыс“ барлық легионермен қош айтысты, тек қақпашы қалды
Фото ©️ "Барыс" ХК баспасөз қызметі

"Барыс" хоккей клубына тағайындалған жаңа басшы клубтағы легионерлерді босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Астаналық хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев алғашқы баспасөз конференциясында клубта болатын ауыс-түйістер туралы ақпарат берді.

"Бір-екі күн бұрын Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры тарапынан ұсыныс түсті. Біз спорт министрімен кездесіп, жұмысымның барлық нюанстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Бүгіннен бастап клубтың басшысы болып жұмыс істеймін. Менің ұсыныстарым қолдау тапты және бүгіннен бастап бұл өзгерістер орындалатын болады", - деді жаңа басшы.

Баспасөз конференциясында Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубы Даниил Апальков және Владислав Кодоламен келісімшартты бұзатынын жеткізді. 

"Сол сияқты біз барлық легионер - солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз", - деп атап өтті жаңа басшы.

Еске салайық, 2018 жылғы 59 жасында "Барыстың" президенті болып тағайындалған Иванищев жақында отставкаға кеткен болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!