«Барыс» - «Авангард» ойынында қателескен төреші жазаланды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Барыс» - «Авангард» ойынында қателескен төреші жазаланды

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі қазақстандық «Барыс» пен Омбының «Авангарды» арасындағы ойында өрескел қателік жіберген төреші Константин Оленин жазаланды.

БӨЛІСУ

Уақытша қызметінен шеттетілген төреші «Барыс» - «Авангард» кездесуінің 10-шы минутында қателескен болатын. Мұз айдын иелерінің ойыншысы Чад Коларик қазақстандық клубтың қорғаушысы Алексей Литвиненкоға қарсы ойын ережесін бұзған-ды. Бірақ, бұл қақтығысты назарынан тыс қалдырған төрешінің шешімі «Авангард» хоккейшілерінің таразы басын теңестіруімен аяқталған еді. Ойынды қарап шыққан ҚХЛ бас төрешісі Константин Олениннің қателескенін растады. Енді бас қазы плей-офф кезеңінің екінші раундындағы ойындарға қазылық жасай алмайды.

Айта кетейік, құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі жеті кездесуге созылған тартыста «Авангард» «Барыстан» 4:3 есебімен басым түскен еді.

Сурет: scoutingtherefs.com

Оқи отырыңыз

«Барыстың» бағы жанбады

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті

2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды