"Барыс" Астанада "Слованды" сан соқтырды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Барыс" Астанада "Слованды" сан соқтырды
Фото ©️ Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын "Барыс" Астанада Братиславаның "Слован" командасын 5:2 есебімен ұтты. Ойында елордалық команданың капитаны Найджел Доус хет-трик орындады.

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңде қонақтар есепте басымдық танытып шықты. Ник Эберт бірінші болып шайба соғып, "Слованды" алға шығарды. Араға бірер минут сала Найджел Доус таразы басын теңестірді. Дегенмен Андрей Штястныйдың нәтижелі соққысы братиславалық команданы есепте қайта алға шығарды.

Екінші кезеңде "Барыс" командасы ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, Даррен Дицтің берген пасын Линден Вэй сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. Үшінші кезеңде Найджел Доус "Слован" қақпасына тағы екі шайба соғып, осы маусымдағы үздік көрсеткішін жақсарта түсті. Нәтижесінде "Барыс" 5:2 есебімен айқын жеңіске жетіп, 3 ұпай еншіледі.

Елордалық команда келесі ойынын өз алаңында 3 қараша күні "Витязь" командасына қарсы өткізеді.

"Барыс" — "Слован" 5:2 (1:2, 2:0, 2:0)

Шайбалар:
0:1 — 02:19 Эберт (Геноуэй) Тең құрамда
1:1 — 02:59 Доус (Сен-Пьер). Тең құрамда
1:2 — 09:57 Штястни (Скалицки, Щербатов). Тең құрамда
2:2 — 26:39 Вей (Диц). Ойыншы басымдығында
3:2 — 39:19 Старченко (Сауторн). Тең құрамда
4:2 — 43:25 Доус. Ойыншы басымдығында
5:2 — 43:42 Доус (Вей). Ойыншы басымдығында

"Барыс": Карлссон — Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Сауторн — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Акользин, Старченко, Маркелов, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко;

"Славия": Мазанец — Ворачек, Бачик, Депре, Серсен, Месарош, Шварни Эберт — Бойчак, Садецки, Щербатов, Вьеденски, Скалицки, Бухтеле, Геноуэй, Штястни, Ржепик, Микуш, Кашпар, Слобода.

Айып уақыты: 8:12 (4:0, 0:8, 4:4)

Төрешілер: Сергей Гусев, Сергей Кулаков
Қапталдағы төрешілер: Никита Шалагин, Дмитрий Шишло 

1 қараша. Астана. «Барыс Арена» 6 373 көрермен.