Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» Астанада Мәскеудің «Динамо» клубын 1:0 есебімен ұтты. Ойында қазақстандық клубқа жеңіс сыйлаған шайбаны Кевин Даллмэн соқты.
Ойындағы Кевин Даллмэннің жеңіс сыйлаған шайбасы 13 минутта соғылды. Найджел Доус берген пасты қорғаушы нәтижеге айналдыра білді. Кейінгі екі кезеңде есепке өзгеріс енбеді.
«Барыс» келесі ойынын 20 қазан күні «Витязь» клубына қарсы өткізеді.
«Барыс» — «Динамо» Мәскеу 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
Шайба: 1:0 — 13:15 Даллмэн (Доус). Тең құрамда
«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Трясунов-Баркер, Старченко-Кучин-Рымарев; Шалапов-Липин, Худяков-Маркелов-Тривино; Савченко, Никулин-Гренц-Иванов, Панюков;
«Динамо» Мәскеу: Лазушин — Миронов-Хиетанен, Карсумс-Дугин-Карпов; Осипов-Робинсон, Кокуёв-Рыбаков-Сопин; Рылов-Баранцев, Кузнецов-Галимов-Тарасов; Волков, Игумнов-Кашпар-Шипов, Фёдоров.
Айып уақыты: 8:6 (0:2, 6:2, 2:2)