Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық «Барыс» өз мұз айдынында Ярославльдың «Локомотив» клубынан ойсырай ұтылды. Қонақтар қазақстандық клубтың қақпасына 8 шайба соқты.
«Барыс» бірінші болып есеп ашты. 7 минутта Мартен Сен-Пьер қазақстандық ұжымды алға шығарғанмен, кейінгі уақытта «Барыстың» бабы келіспеді. «Локомотив» ойыншылары ірі есеппен жеңіске қол жеткізе білді. Қонақтар шайбаларының көпшілігін тең құрамда соқты.
«Барыс» — «Локомотив» 1:8 (1:2, 0:2, 0:4)
Шайбалар:
1:0 — 07:50 Сен-Пьер (Доус, Боченски). Тең құрамда
1:1 — 10:13 Апальков (Тальбо, Козун). Тең құрамда
1:2 — 19:30 Козун (Коледов, Контиола). Ойыншы басымдығында
1:3 — 27:31 Козун (Контиола, Тальбо). Тең құрамда
1:4 — 29:56 Чистов (Аверин). Тең құрамда
1:5 — 41:10 Тальбо (Кронвалль, Контиола). Тең құрамда
1:6 — 46:11 Полунин (Рафиков, Коршков). Ойыншы басымдығында
1:7 — 58:08 Красковский (Рафиков, Полунин). Ойыншы басымдығында
1:8 — 59:44 Мосалёв (Галимов, Апальков). Тең құрамда
«Барыс»: Карлссон 00:00-29:56, Колесник 29:56-60:00 — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Сен-Пьер; Трясунов-Баркер, Старченко-Кучин-Рымарев; Шалапов-Липин, Маркелов-Тривино-Иванов; Савченко, Нкиулин-Гренц-Шин, Мелихов;
«Локомотив»: Судницин — Любушкин-Коледов, Чистов-Аверин-Локтионов; Кронвалль-Манухов, Тальбо-Козун-Контиола; Рафиков-Пашнин, Мосалёв-Апальков-Галимов; Осипов, Кадейкин-Красковский-Полунин, Коршков.
Айып уақыты: 10:6 (4:2, 0:4, 6:0)