Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барыс» клубы өз алаңында тольяттилік «Лададан» 6:0 есебімен ойсырай жеңілді. Нәтижесінде жаңа маусымдағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Бірінші кезеңде қазақстандық клубтың ойыншылары ширақ қимылдап, қонақтарға мүмкіндік бермеуге тырысқан-ды. Алайда екіншікезең «Лада» командасы үшін сәтті басталды. «Барыс» қорғанысындағы қателікті оңтайлы пайдаланған қонақтар Павел Полуэктов қақпасына үш шайба тоғытты. Александр Стрельцов дубль авторы атанса, Мартин Затевич бір шайбаны өз еншісіне жазды. Екінші кезең бұл нәтижемен тұрақтап қалған жоқ. Павел Полуэктовты алмастырған Дмитрий Мальгин де қақпасын голдан аман алып қала алмады. Мартин Затевич дубль авторы атанса, Андрей Никитенко есепті 5:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңде Александр Никитенко екінші шайбасын соғып, соңғы нәтижені тіркеді.
Айта кетейік, бұл ойында «Лада» клубы құрлықтық хоккей лигасындағы ең ірі есеппен жеңіске жеткен рекордын қайталады. Тольяттилік клуб 2008 жылы «Динамоны» (Рижск) дәл осындай есеппен жеңген болатын.
Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.