Елорданың «Барыс» хоккей клубының бас жаттықтырушысы Андрей Назаров қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап, vesti.kz сайты хабарлады.
Ресейлік маманның қызметтен кетуіне маусым басындағы команданың сәтсіз ойыны себеп болып отыр. Команда жаңа маусымдағы үш ойында да жеңіліс тапқан болатын. Клубтан Андрей Назаров қана емес, жаттықтырушылар қосыны да жаңартылмақ.
42 жастағы Андрей Назаров 2015 жылдың қазан айында «Барыс» тізгінін қайта ұстаған еді. Команда өз тарихында алғаш рет құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмаған-ды. Ал оған дейін де (2014-2015 жылдары) елордалық клубта қызмет атқарған.
Айта кетейік, Андрей Назаров ұлттық құраманы да жаттықтырады. Жақында Норвегия елінің астанасы Ослода өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінен Қазақстан құрамасы жолдамасыз қайтқан болатын. Жаттықтырушының бұл қызметте қалуы әзірге белгісіз.