Маусым аяқталысымен "Барселона" сапынан 7 футболшы кетуі мүмкін...
Mundo Deportivo хабарлауынша, қорғаушы Даниэл Алвес, хавбек Франсеск Фабрегас, Алексис Санчес, Александр Сонг, Кристиан Тельо, Хонатан Дос Сантос, және де Исаак Куэнка маусым соңында "Барселонамен" қош айтыспақ ниетте.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Барселона" тізгініндегі команданың бас бапкері Херардо Мартиноның да мәселесі шешілген сыңайлы. Осы маусым аяқталысымен аргентиналық маман клуб сапынан кететінін жеткізіпті.
Соңғы ақпараттарға сенсек, Мартино мұндай шешімге өзі келген көрінеді, ал клуб басшылығы қарсы тұрмайтындықтарын жеткізген. Бұл тұста бір айта кетерлігі, аргентиналық маман көп уақыттан бері испандық ұжым сапында өзіне жайсыз тиіп жүргенін айтып келген болатын. Өз кезегінде, клуб басшылығы Мартиноның клубтың алға қойған тапсырмаларын орындауға дәрменсіз екендігін алға тартқан.
Каталондық клуб ендігі таңда дортмундтық "Боруссияның" бас жаттықтырушысы Юрген Клоппен сөз байласуда екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: mundodeportivo.com