Каталондық «Барселона» клубтар арасындағы әлем чемпионатын үшінші рет жеңіп алды. Жапонияда өткен жарыстың финалында Луис Энрике шәкірттері Аргентинаның «Ривер Плейт» клубын жеңді.
Ойында бірінші болып Лионель Месси есеп ашты. Екінші таймда Луис Суарес дубль орындап, доданың басты сұрмергені атанды. Сондай-ақ уругвайлық шабуылшы клубтар арасындағы бір әлем чемпионатында 5 гол соққан алғашқы ойыншы. Ол «Гуанчжоу Эвергранд» клубына қарсы ойында хет-трик авторы атанған еді.
«Ривер Плейт» – «Барселона» – 0:3 (0:1)
Голдар: Месси 36’ – 0:1, Суарес 49’ – 0:2, Суарес 68’ – 0:3
«Ривер Плейт»: Бароверо, Майдана, Альварес, Меркадо, Краневиттер, Карлос Санчес, Ваньони, Понцио (Мартинес 46’), Мора (Лучо 46’), Аларио, Виудес (Дрьюсси 56’)
«Барселона»: Браво, Пике, Алвес, Альба, Ракитич (Роберто 67’), Серхио, Иньеста, Маскерано (Вермален 81’), Суарес, Месси, Неймар (Матьё 89’)