«Барселона» Франция лигасына ауысуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Барселона» Франция лигасына ауысуы мүмкін

Каталония Испаниядан тәуелсіздігін алар болса, әлемге танымал «Барселона» футбол клубы Франция бірінші лигасына ауысуға құлықты көрінеді. Бұл туралы Independent Valley басылымы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Өркениеті ертеден қалыптасқан Каталонияның тәуелсіздігін алуға белсене кіріскені соңғы кездері айқын байқалуда. Жақында өткен Еуропарламент сайлауында халықтың жартысынан көбі (60%) тәуелсіздік алуға үндейтін партияның кандитурасын қолдады. Күзде өтетін референдумда Каталония тағдыры шешілетін болады. Егер тәуелсіздігін алып жатса, «Барселона» басшылығы Франция біріншілігіне ауысу туралы ресми өтінішін жариялауға дайын көрінеді.

Каталонияның тәуелсіздік алу үшін күресуінің де өзіндік себептері де бар. Испанияға негізгі басым пайданы түсіріп отырған аймақ саналғанмен, саяси көзқарастарға байланысты көңіл бөлінбей келеді. Мұны көзі ашық, көкірегі ояу каталондық билік өкілдерінің тізгінін ұстап отырған шенеуніктер түсінеді де. Ал бұл аймақ тұрғындарының ұстанымы антииспандық және сепаратистік бағытта екені де белгілі. Кейде «Камп Ноуда» Испания әнұраны шырқалғанда, халық ысқырып, наразылық танытады. Қалай да күзде егемендігін алуға білек сыбанып күресуге дайын.

Каталондық «Барселонадан» өзге Испания біріншілігінде (Ла Лига) өнер көрсететін «Эспаньол» футбол клубы да бар. Егер күзде Каталония еншісін алып шығып жатса, бұл клуб та Франция бірінші лигасына ауысуы мүмкін екен.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru