«Барселона» командасы лондондық «Челсиға» бразилиялық қорғаушы үшін 35 миллион еуро ұсынуға дайын. Алдағы қыс ауысымы кезеңінде каталондық клуб Давид Луисті қатарларына қосу үшін күрес жүргізіп көрмек.
БӨЛІСУ
Испаниялық клубтың бас бапкері Херардо Мартино «Челси» қорғаушысын өз командасында көруге қызығушылық танытуда. Алайда «ақсүйектердің» бас бапкері Жозе Моуринью футболшыны командадан жіберуге құлықты емес. Ал Испания БАҚ өкілдері «Барселонаның» Давид Луисті өз қатарларына қосатынына сенім білдіруде.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: live-football.ru