«Барселона» басына бұлт үйірілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Барселона» басына бұлт үйірілді

Каталондық «Барселона» командасы Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығы (ФИФА) ережесіне сай істер атқармағандықтан жазаға тартылды. Онымен қоса Испания футбол федерациясы да ескерту алды.

БӨЛІСУ

Клуб басшылығы 2009-2013 жылдар аралығындағы трансфер кезеңінде 18 жасқа толмаған 10-ға жуық футболшыны қатарларына қосып, тіркеген. Ережеге сәйкес команда аталған жасқа жетпеген шетелдік футболшымен келесімшарт жасасу үшін ФИФА бейінді комитеті рұқсатына жүгінуі қажет. Ал «блауграна» басшылығы бұл талаптарды орындамай, осы тақырып төңірегіндегі тағы бірнеше істерде жауапсыздыққа бой алдырған.

Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығының шешімі бойынша «Барселона» командасы алдағы 90 күннің ішінде кәмелетке толмаған футболшылармен болған келісімшартын қайта қарауы тиіс. Сонымен қатар, 450 мың швейцар франкын төлейді. Ал ең бастысы – алдағы екі трансферлік кезеңде клуб ешқандай футболшылар ауысымын жасай алмайтын болды.


Дегенмен Испания алыптары да өз кезегінде: «Бізде барлық ауысым ойдағыдай жүзеге асқан. Аздап түсініспеушілік орын алуда. Мұны дәлелдеуімізге 90 күн уақыт бар», - деп хабарлады.

«Барселона» командасымен қатар, Испания футбол федерациясы (RFEF) да жазаға тартылды. Оларға 500 мың франк айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетсек, каталондық ұжым осыған дейін бразилиялық футболшы Неймардың да ауысым кезінде клубтың талаптарға сай істер атқармағаны белгілі болған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ru.gdefon.com