"Барселона" "Барселонаны" сотқа бермек

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Барселона" "Барселонаны" сотқа бермек

Сәрсенбі күні каталондық «Барселона» командасы эквадорлық «Барселона» спорт клубын сотқа тартатынын мәлімдеді. Испандық ұжым гуаякильдік команданың атауымен қатар, саудаға ұқсас танымбелгілерінің шығуына қарсы шара қолдануды қолға алған. Бұл туралы Le10Sport хабарлауда.

БӨЛІСУ

Испания чемпиондарының сотқа шағым түсіруінің тағы бір себебі, командалардың танымбелгілері (эмблема) бір-біріне аса қатты ұқсауында болып отыр. Ал шын мәнінде, Гуаякиль қаласының «Барселона» спорт клубы Испаниядан Эквадорға қоныс аударып барған бір кездегі каталондық команда мүшелерінің ұйымдастыруымен құрылған. Сонымен қатар, каталондық «Барселонаның» құрметіне орай, команда атауымен бірге, танымбелгі мен онда бейнеленген ту да өзгертілмей алынған көрінеді.

"Барселона спорт клубының саудадағы бренді тек Эквадор елінде ғана танымал. Бұл заң жүзінде қорғалған. Эквадорда «Барселона» спорт клубы деп аталса, ал каталондық «Барселона» футбол клубы екенін есте сақтағанымыз жөн", - дейді эквадорлық команда басшылығы.

Эквадордың Гуаякиль қаласының «Барселона» спорт клубы 1925 жылы құрылған (Каталондық «Барселона» 1899 жылы құрылған). 14 рет ел біріншілігінде топ жарса, 1990 және 1998 жылы Либертадорес кубогының финалына дейін жеткен. Қазіргі таңда команда Эквадор ішкі біріншілігінің 10-шы орнында келеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.bigmir.net