Балуан қыздарымыз Франциядан екі алтын медаль еншілеп қайтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Балуан қыздарымыз Франциядан екі алтын медаль еншілеп қайтты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық балуан қыздар Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды massaget.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Wrestling Family 🇰🇿 (@kazakhstan__wrestling)

Айта кетейік, өткен жылы Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.