Бақыт Сәрсекбаевтың анасы баласының ісіне ұялып, видео жолдады

Ардақ Құлтай Корреспондент
Ардақ Құлтай>
Бақыт Сәрсекбаевтың анасы баласының ісіне ұялып, видео жолдады

«Бақыт, бізді енді ұялта берме, Қазақстан мен Өзбекстанға қарабет болдық» дейді Олимпиада чемпионының анасы.

БӨЛІСУ

Төмендегі видеода Валентина Сәрсекбаева БАҚ өкілдері арқылы ұлының неліктен мұндай қадамға барып отырғанын сұрап, халық алдында ұятты болғанын айтады. Сонымен қатар, баласының бұл қадамға баруға нотариус Адель Макарчуктың айдап салып отырғанын да жеткізді. «Время» газеті осыған байланысты Сәрсекбаевтың анасының сөз сөйлеген видеосын да ұсынып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Бақыт Сәрсекбаев өзінің ағасы әрі бапкері Кәрім Махмудовтан 5 жыл бұрын сыйлаған үйін үшінші рет сотқа беріп тартып алған болатын.

«Бұл біз үшін өте бір ұят жағдай болды!», – дейді Валентина Сәрсекбаева. Анасының айтуы бойынша, Бақыт Сәрсекбаев пен оның ағасы Кәрім Махмұдовтың ортасында сыйға бергенін растайтын ешбір қағаз болмаған. Бұған анасы нық сенімде екенін де жасырмады. Үйді беру кезінде арнайы келісімшарттың болғанын Бақыт пен Адельдің өздері ойлап тапқан екен. Осы жағдайларды айта келіп, анасы өзінің видеожолдауында Бақытқа былай дейді:

«Бақыт, егер сен осы мақаланы оқысаң, бізді енді ұятқа қалдырма. Анау әйел оған не істеп қойған? Отбасынан кетіп тынды, балалары менің қолымда, келін күнде жылайды. Баха, тоқтатшы!»

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com