Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан кейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының 10 жаттықтырушысы жұмысынан босатылды. Әзірге ұлттық құрамаға әлі бас жаттықтырушы тағайындалған жоқ.
2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев бұл бос орынға бұрынғы жеке бапкері лайық екенін жазды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болуға Нұрлан Ақүрпеков лайық, - деп жазды Олимпиада чемпионы өзінің Instagram-парақшасында.
Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың жеке жаттықтырушысы болған. Одан бөлек, Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды тәрбиелеген. Бір кездері Astana Arlans клубының бас бапкері болды.
Айта кетейік, ұлттық құрамада бұл қызметті бұған дейін Мырзағали Айтжанов атқарып келген еді.