Баходир Жалолов президент сыйлаған көлікті ала сала соғып алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Баходир Жалолов президент сыйлаған көлікті ала сала соғып алды
Фото ©️ Өзбекстан ҰОК

Аса ауыр салмақта екі бірдей Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған Баходир Жалолов президент Шавкат Мирзиеев сыйлаған Chevrolet Tahoe автокөлігін алған сәтте-ақ соғып алды. Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

БӨЛІСУ

Видеода көлікті боксшының өзі айдап келе жатқаны анық байқалады. Қалың жанкүйер арасынан шығар тұста жол жиегінде тұрған тәртіптік-бақылау қызметінің көлігін соққан. 

Айта кетейік, өзбек елінің билігі Олимпиада чемпионы атанған спортшыларға 200 мың доллар мен Chevrolet Tahoe жол талғамайтын автокөлігін және екі қабатты коттедж сыйға тартты.

Парижде Өзбекстан спортшылары 8 алтын медаль (оның бесеуін боксшылар) иеленіп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. 

Боксшы Баходир Жалолов, Хасанбой Дусматов және таэквондошы Улугбек Рашитов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанып, Өзбекстан тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.