Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын алдағы оқу-жаттығу жиынына отандық жаттықтырушылар бастап барады. Сондай-ақ, ұлттық құраманың Әзірбайжан мен Грузияға қарсы ойнайтын құрамы да белгілі болды.
Ұлттық құраманың наурыз айындағы оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық кездесулерінде жаттықтырушылық қызметті Талғат Байсуфинов, Нұркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Феропонтов атқарады. Команда 21 наурыз күні Алматының іргесіндегі «Талғар» базасында жиналып, кейіннен Түркияға жол тартады. Бекітілген жоспар бойынша 26 наурыз күні Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Араға 3 күн сала Тбилисиде Грузия құрамасымен ойнайды.
Отандық жаттықтырушылардан құралған бапкерлер қосыны Әзірбайжан мен Грузияға қарсы ойнайтын құрама тізімін жариялап та үлгерді. Бір қуанарлығы, тізімде қазақ ойыншыларының саны артқан. Жартылай қорғаушылар түгел қазақтар. Ендеше таныс бола отырыңыздар.
Ұлттық құрамаға шақырылған футболшылар:
Қақпашылар: Лория Давид («Ертіс»), Покатилов Стас («Ростов»), Плотников Владимир («Қайрат»).
Қорғаушылар: Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Ахметов Елдос («Ертіс»), Малый Сергей («Ертіс»), Мұхтаров Мұхтар («Ордабасы»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Бейсебеков Абзал («Астана»).
Жартылай қорғаушылар: Мұжықов Серікжан («Астана»), Қожамберді Жақып («Оқжетпес»), Қуат Исламбек («Қайрат»), Тағыберген Асхат («Астана»), Смақов Самат («Ақтөбе»), Байжанов Мақсат («Шахтер»), Қонысбаев Ұлан («Атырау»), Досмағамбетов Тимур («Тобыл»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»).
Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Тобыл»).
Футболшылардың қосалқы тізімі:
Қақпашы: Логиновский Владимир («Тобыл»).
Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Тараз»), Кургулин Нұртас («Тобыл»).
Жартылай қорғаушылар: Мухутдинов Альмир («Тобыл»), Щеткин Алексей («Астана»)