Азияда алты боксшымыз топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Азияда алты боксшымыз топ жарды

Бокстан жасөспірімдер арасында Тайландта өткен Азия чемпионатында алты бірдей боксшымыз топ жарды. Ақтық сынға сүрінбей жеткен барлық былғары қолғап шеберлеріміз жеңістің биік тұғырынан көрінді.

БӨЛІСУ

Он салмақ дәрежесінің алты алтынын қанжығаларына байлаған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орын өзбектерге бұйырды. Қазақ жасөспірімдері ел боксының келешегі зор екенін тағы бір дәлелдеп берді.

Ақтық сынға шыққан Сұлтан Зауырбек (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі), Аян Қалибеков (64 келі), Вадим Казаков (81 келі), Темірлан Қабиев (91 келі) және ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаев қарсыластарына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Ал Ертуған Зейнулинов (49 кг), Иван Ковалев (52 кг) және Илья Очкин (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Енді Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәуір айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

Жалпы медальдар жиынтығы:

Rank

 Nation

Gold

Silver

Bronze

Total

1

 Kazakhstan

6

0

3

9

2

 Uzbekistan

2

4

2

8

3

 Indipende. O. A.

1

1

1

3

4

 Thailand

1

0

2

3

5

 South Korea

0

2

1

3

5

 Syria

0

2

1

3

7

 Tajikistan

0

1

2

3

8

 Kyrgyzstan

0

0

3

3

8

 Mongolia

0

0

3

3

10

 Japan

0

0

2

2

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz