Азия ойындарына қатысатын қазақстандық дзюдошылар шеберліктерін шыңдап жатыр

Аслан Қажиев Корреспондент
Аслан Қажиев>
Азия ойындарына қатысатын қазақстандық дзюдошылар шеберліктерін шыңдап жатыр
Фото ©️ fdk.kz

XVIII жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтеді. Спорт бәсекесінің басталуына санаулы күндер қалғандықтан ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қазіргі кезеңде жарыс алдындағы жаттығуға қатты көңіл бөліп жатыр.

БӨЛІСУ

Дзюдо спортынан татами төріне шығатын ұландар дәл қазір Ақмола облысында орналасқан Щучинск қаласының «Жақсы» спорт базасында шеберліктерін шыңдауда. Дзюдо спорты бойынша, жарыс 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстандық дзюдошылар 25 тамызда Қазақстаннан Индонезияға аттанбақ.

«Ұлттық құрама дзюдошылары Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін өткізіп жатыр. Жаттығу жиынында Азия ойындарына қатысатын барлық дзюдошылар бар. Біз оларды 2018 жылдың басынан бастап өткен Гран При, Grand Slam сынды ірі жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай іріктеп алдық. Ұлттық құрамадағы спортшылардың тыңғылықты дайындықтарына қарап, Азия ойындарында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдені жоспарлап отырмыз», - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов.

Сонымен, ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі мынадай:

Осыған дейін Олимпиада ойындарында ел қоржынына жүлде салған Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах өз тұғырынан төмен түспейді деп сенеміз. Сонымен қоса, көк байрақты желбіретемін деп жігерлерін қайрап бара жатқан жас дзюдошыларға да сәттілік серік болғай.

Естеріңізге сала кетейік, XVIII жазғы Азия ойындарында 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады.