Бокстан Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов осыған дейінгі халықаралық жарыстардың, боксшылардың жаттығу жұмыстарындағы қабілет-қарымына қарай құрамды түзді.
Ташкенттегі дода 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.
Азия біріншілігіне қатысатын боксшылардың тізімі:
49 келі - Ержан Жомарт;
52 келі - Азамат Исақұлов;
56 келі - Қайрат Ералиев;
60 келі - Әділет Құрметов;
64 келі - Бекдәулет Ибрагимов;
69 келі - Абылайхан Жүсіпов;
75 келі - Әбілхан Аманқұл;
81 келі - Ерік Әлжанов;
91 келі - Василий Левит;
91 келіден жоғары - Қамшыбек Қоңкабаев.