Азиада-2018: Қазақстан маунтинбайктен қола жүлде алды

Massaget.kz Корреспондент
Massaget.kz >
Азиада-2018: Қазақстан маунтинбайктен қола жүлде алды
Фото ©️ redbull.com, asiangames2018.id

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Кирилл Казанцев велоспорттың маунтинбайк түрінен қола медаль иеленді. Бұл - Қазақстанның маунтинбайк спортынан Азия ойындарында алған алғашқы медалі.

БӨЛІСУ

Кирилл Казанцев Red Bull Tau Enduro жарысында, 2017 жыл

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, екі күміс, төрт қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Қоржындағы әзірге жалғыз алтынды қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алған еді. 

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.