Азат Мақсұмның UFC-гі жекпе-жегі өтпейтін болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Азат Мақсұмның UFC-гі жекпе-жегі өтпейтін болды
Фото ©️ insports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның 3 тамызға жоспарланған UFC-гі жекпе-жегі өтпейтін болды. Дубайда өтетін турнирге қарсыласы Си Джей Вергара да қатыспайды. 

БӨЛІСУ

MMA Fighters хабарлағандай, Азат Мақсұм да, Си Джей Вергара да жаттығу кезінде жарақат алып қалған. Нәтижесінде ұйымдастырушылар өзге жекпе-жекті жоспарлайтын болады. 

Айта кетейік, Азат Мақсұм UFC-де екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Біреуінде жеңіске жетіп, бір кездесуінде қарсыласына жол берді.