Бүгін Аргентинада бастау алған «Дакар» автокөліктер жарысы кезінде апат болды. Қытай елінің жүргізушісі өз көлігін тізгіндей алмай, жол шетіндегі көрермендерді қаққан.
БӨЛІСУ
Салдарынан он шақты адам жарақат алды. Олардың үшеуінің халі нашар. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, зардап шеккендердің арасында жасөспірім мен жүкті әйел бар.
Қайғылы жағдайға байланысты жарыс уақытша тоқтатылды. Дегенмен әр елден келген 55 жүк көлігін жүргізетін 350 жүргізуші өз мүмкіндігін көрсететін бұл сайыс, 16 қаңтар күні Росарио қаласында өз мәресіне жетеді деп жоспарланған.
Бұл атақты «Дакар» автожарысының 38-мәрте ұйымдастырылуы.