Әйелдер боксы бойынша әлем чемпионатына 12 қазақстандық қатысады

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
 Әйелдер боксы бойынша әлем чемпионатына 12 қазақстандық қатысады
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан өтетін әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысатын әйелдер командасының тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Черногорияда өтетін чемпионат 23 қазан - 3 қараша арасында болады. 

Ұлттық олимпиадалық комитет Будвадағы чемпионатқа қатысатын әйелдер боксы бойынша жастар арасындағы Қазақстан командасының тізімін жариялады. Олардың қатарында Әнел Абдрасилова (48 кг-ға дейін), Елянур Турганова (50 кг-ға дейін), Бағжан Отынбай (52 кг-ға дейін), Аяжан Сыдық (54 кг-ға дейін), Аяжан Ермек (57 кг-ға дейін), Толғанай Қасымхан (60 кг-ға дейін), Аружан Жанабаева (63 кг-ға дейін), Ұлдана Таубай (66 кг-ға дейін), Мария Сидоренко (70 кг-ға дейін), Шұғыла Нәлібай (70 кг-ға дейін), Аружан Зейноллаева (81 кг-ға дейін) және Панар Сейтханқызы (81 кг-дан жоғары) бар.

Еске салайық, жақында Париж Олимпиадасының бокстан қол жүлде иегері Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!