Қазақ кəсіпқой боксшысы Айдар Шəрібаев АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз мексикалық боксшы Габино Готамен жұдырықтасып, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
БӨЛІСУ
Айдардың бесінші раундтағы жойқын соққысынан кейін мексикалық боксшы орнынан тұра алған жоқ. Төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Айдар Шəрібаевтың кəсіпқой бокстағы бесінші кездесуі. Отандасымыз барлығында жеңіске жетті.