Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Катарда өтіп жатқан Азия кубогында жеңімпаз атанды. 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз жұлқа және серпе көтеруде де кіші алтын медальды иеленді.
Айдар Қазов жұлқа көтеруде 140 келіні ырқына бағындырды. Серпе көтеруде 177 келімен шектелді. Нәтижесінде 317 келімен Азия кубогының жеңімпазы атанды. Күміс медаль ирандық ауыр атлет Иманға бұйырды. Ол қоссайысты 316 келіні еңсерді. Қола медальды екінші бір ирандық спортшы Масуд Чатрэ иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 312 келі көтерді.
Катардағы Азия кубогына 77 келіде Жасұлан Қалиев те қатысқан болатын. Ол 290 келі көрсеткішімен алтыншы орынды қанағат тұтты.