Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы Алматыда өткен "Әлем барысы" жарысының жеңімпазы ресейлік балуан Роман Бобиковтың нәтижесін
Ресейден келген балуанмен финалда отандасымыз Айбек Нұғымаровпен белдесіп, екі дүркін "Әлем барысы" атағына ие қазақ балуанын ұтып кетті. Жеңімпаз атанған ресейлік балуан 10 миллион теңге еншіледі.
Бүгінде оның тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған "Метилгексанамин" табылғаны белгілі болды. Допинг ережесін бұзғаны үшін Ресейдің допингке қарсы агенттігі Роман Бобиковты 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап екі жылға спорттан шеттетті.
WADA кодексін бұзғаны үшін, Роман Бобиков "Әлем барысы" атағынан айырылып, алтын белбеуді қайтарады. Оған қоса 10 миллион теңге сыйақысын алмайды. Осылайша финалға дейін жетіп, күмісті еншілеген Айбек Нұғымаров үш дүркін "Әлем барысы" атанды.
Бұдан бөлек Ресей балуаны желтоқсан айында Ақтөбеде өткен әлем чемпионатында Руслан Абдразақовтан жеңіліп, күміс жүлдені қанжығалаған еді. Енді Роман Бобиков бұл әлемнің вице-чемпионы атағынан да айырылады.