Аяқ-қолы жоқ спортшы Паралимпиадаға бару үшін тамақ тасып жүр

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Аяқ-қолы жоқ спортшы Паралимпиадаға бару үшін тамақ тасып жүр
Фото ©️ 24 канал

Ресейлік пара триатлоншы 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына бару үшін тамақ жеткізуші болып жұмыс істеп жүр. 

БӨЛІСУ

Михаил Асташов есімді спортшының екі қолы мен аяғы жоқ. Бірақ бұған қарамастан пара триатлоншы мақсатына жетуге барын салып жүр. 2019 жылы ол Ресей мемлекеттік думасының депутаты, бұрын биатлоншы болған Антон Шипулиннен Паралимпиадаға бару үшін 350 мың рубль қаржы сұраған. Алайда шенеуніктен де, спорт министрлігінен де еш хабар болмапты.

Пара спортшы бар жігерін жинап тамақ жеткізуші қызметіне орналасқан. Әріптестерінің айтуынша, ол тексерістен еш қиындықсыз өтіп, тапсырған міндеттемелері толық орындап жүрген көрінеді. 

Спортшының желіге тараған видеосы көп қаралым жинап, шенділердің назарына ілінген. 31 жастағы спортшының аяқ-қолы жоқ. 2019 жылы паратриатлоннан өткен әлем Кубогында топ жарған соң төрт жылдықтың басты додасында бағын сынап көрмек.

Айта кетейік, Токио Паралимпиада ойындары Олимпиададан соң 2020 жылдың тамыз және қыркүйек айларында өтеді.