Ауыр атлетика президенті Қазақстанға келді

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Ауыр атлетика президенті Қазақстанға келді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентi Томаш Аян Алматыға келдi. 30 қыркүйекке дейін елімізде болатын Аян мырза елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияевпен жүздеседi.

БӨЛІСУ

Жалпы Томаш Аян мырзаның елімізге келуінің басты себебі – Алматы қаласының инфраструктурасымен танысу. Өйткені, Алматы қаласында 2013 жылдың сәуір айында Азия біріншілігі өтеді.

Ауыр атлетика федерациясының президенті Қазақстанға бірінші рет ат басын бұруда. Ал, жалпы ТМД аумағына екінші мәрте келіп отыр. Венгриялық қонақ ертеректе Ресей астанасы Мәскеуде болған екен.

«Мен Қазақстан жайлы өте көп естігенмін. 18 жыл бұрын Венгрияның бұрынғы президенті маған Қазақстанның халқы өте қонақжай деген болатын. Енді міне, сол қонақжайлықты өзім де көріп отырмын», - дейді Томаш мырза.

Қазақстанға келісімен, Томаш Аян бірден келер жылы Азия біріншілігі өтетін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенін көріп шықты. Сонымен қатар, спортшылар орналасатын «Астана» қонақ үйінде де болды.  Спорт кешені мен қонақүйді аралып шыққан қонақ еліміздің келер жылы Азия біріншілігін өткізуге дайын екенін айтты.

Тақырыпқа орай:

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті – Қайрат Тұрлыханов:

«Алматыға халықаралық ауыр атлетика президентінің келуі біз үшін маңызды. Келер жылы Азия біріншілігін жоғары деңгейде өткізіп, бізге артқан сенімді ақтаймыз деп ойлаймын. Қазір біздің спортшылар Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалуда. Осы жарыста Олимпиадалық лицензиялар сарапқа салынады. Біздің құрама да сол жолдамалар үшін талас жүргізеді».

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: ilyailyin.ru