Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық ауыратлет, жастар арасындағы әлем чемпионы, 96, 102 және 109 келіге дейін салмақтағы Азияның 2020, 2022 жылғы қола чемпионы Артем Антропов 2023 жылғы дисквалификацияға байланысты тұғырда көрінбеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен және командадағы әріптестерім допинг "жанжалының" бір мүшесі болды. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының араласуының арқасында тыйым салынған зат (S-23) біздің ағзамызда сапасыз спорттық тамақтанудың салдарынан пайда болғанын дәлелдей алдық.
Халықаралық допингке қарсы агенттікте қатаң жауапкершілік принципі болғандықтан (ол біздің ағзамызда қалай пайда болғанына қарамастан, біз бәрібір... біз ағзамызда пайда болған нәрсеге өзіміз жауаптымыз).
Қазақстанның Ауыр атлетика федерация президенттерінің арқасында және бізді қиын кезде тастап кетпеген өзге де адамдардың арқасында біз 16 айға (ең аз мерзім) дисквалификация алдық, ол 2024 жылдың 11 қазанында аяқталады.
Тыста қалмай, бізге қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз. Тұғырда кездескенше", - дейді спортшы.
Осылайша Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшыларын тек "медаль жауған жылы" ғана емес, қиын сәтте де қолдай білген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!