Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Аустрия мен Словенияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

БӨЛІСУ

Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы");

Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"), Роман Асранкулов ("Тобыл"), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау");

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Аслан Дарабаев ("Елім-ай"), Бақтияр Зайнутдинов ("Бесіктас", Түркия), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Андрей Ульшин ("Қайрат");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Жан-Әли Пайруз ("Елім-ай"), Артур Шушеначев ("Сочи", Ресей).

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.