Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бесінші ойында «Астана» елордада Кипрдың «АПОЭЛ» клубымен кездеседі. 24 қараша күні өтетін ойынға нидерландылық төрешілер қазылық жасайды.
«Астана» - «АПОЭЛ» ойынында бас қазы қызметін нидерландылық Кевин Блом атқаратын болады. Алаң жиегінде оған Патрик Лангкамп пен Ван Зуилен көмектеседі. Қақпа маңындағы көмекшілер қызметін Дэнни Маккели мен Деннис Хиглер атқарады.
42 жастағы Кевин Блом Астанаға алғаш келгелі отырған жоқ. Осыған дейін 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы ойынға қосалқы төреші ретінде келген.
Нидерландылық төреші 2005 жылдан бері халықаралық ойындарда қазылық жасап келеді.
Айта кетейік, «Астана» - «АПОЭЛ» ойыны 24 қазан күні өтеді. Астана уақытымен сағат 22:00-де басталатын кездесуді «Он-ТВ» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.