Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың "Барысы" өз айдынында Загребтің "Медвешчак" командасын қабылдап, 6:1 есебімен ірі жеңіске жетті.
«Қазспорт» телеарнасынан көрсеткеніндей, "Барыс" сапындағы Найджел Доус ойын барысында хет-трик жасап, ерекше көзге түсті. Сондай-ақ, Вадим Краснослободцев қонақтар қақпасын екі мәрте дәл көздесе, Брэндон Боченски тағы бір доптың авторы атанды.
Осы ойыннан кейін 59 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференциясында бұрынғыша тоғызыншы орында келеді. Плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін сегіздікке ілігу үшін астаналықтарға әлі де қоржындағы ұпай санын көбейте түсу керек.
Андрей Назаровтың шәкірттері келесі ойынын 8 желтоқсан күні Хабаровскіде жергілікті "Амурмен" өткізеді. Содан кейін 10-11 желтоқсанда Владивостокта турнир кестесінде өзінің алдында тұрған команданың бірі "Адмиралмен" күш сынасады. Осы кездесулер "Барыс" үшін аса маңызды болмақ.
Дереккөз: inform.kz