"Астананың" атқарушы директоры қызметіне Давид Лория тағайындалды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
"Астананың" атқарушы директоры қызметіне Давид Лория тағайындалды
Фото ©️ fcastana.kz

Ел чемпионы "Астана" бүгін, 9 қазанда клубтың жаңа атқарушы директорын таныстырды. Бұл қызметке футболшы мансабын аяқтаған Давид Лория тағайындалды.

БӨЛІСУ

Бұған дейін "Астананың" атқарушы директоры қызметін британиялық маман Пол Эшуорт атқарған еді. Команданың тізгінінен Михал Билек кеткен соң орнына Пол Эшуорт тағайындалды. Алайда клубтың көрсеткішінің нашар болғанына байланысты қызметінен босатылды.

Давид Лория – астана футболының түлегі. 38 жастағы маман футболшы мансабында "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Ертіс", "Қайрат", "Ордабасы" және "Локомотив" командаларының қақпасын қорғады. Сондай-ақ, Түркияның "Ризеспор", "Каршияка", Швецияның "Халмстад" және Ресейдің "Спартак Нальчик" командаларында ойнады. 

Қазақстан жастар құрамасының сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатында бақ сынаған. Ал ұлттық құрама жейдесінде 45 ойында алаңға шықты. Давид Лория мансабын 2019 жылы аяқтап, УЕФА-ның футбол менеджменті бағдарламасы бойынша оқыған.