Футболдан Еуропа лигасы ширек финалының жеребесі тартылды. 1/16 финалда елордалық "Астананы" жарыс жолынан шығарған "Спортинг" Мадридтің "Атлетико" клубымен кездеседі.
Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тастау рәсіміне танымал француз футболшысы Эрик Абидаль қатысты.
Жеребе нәтижесі:
"РБ Лейпциг" (Германия) - "Олимпик Марсель" (Франция)
"Арсенал" (Англия) - ЦСКА Мәскеу (Ресей)
"Атлетико" Мадрид (Испания) - "Спортинг" Лиссабон (Португалия)
"Лацио" (Италия) - "Зальцбург" (Австрия).
Командалар арасындағы алғашқы ойындар 5 сәуірде, қарымта кездесулер араға бір апта салып өтеді.
Айта кетейік, Лиссабонның "Спортинг" клубы "Астанадан" кейін 1/8 финалда Пльзеннің "Виктория" командасын жарыс жолынан шығарды.