Ресейлік маман Олег Кононов елордалық "Астана" клубының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы Football.by порталы хабарлап отыр.
Ресейлік маманның соңғы жұмыс орны "Ахмат" клубы болған. 51 жастағы маман грозныйлық клубтан 30 қазан күні кетті. Ал осы уақытқа дейін ол Ресей біріншілігінде "Краснодар" клубының бас бапкері болса, Украинада "Севастополь" мен "Карпаты" клубын жаттықтырған.
Олег Кононовтың бастамасымен "Карпаты" клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жетсе, "Краснодар" өз тарихында бірінші рет Ресей біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Қазіргі таңда "Астана" клубын болгариялық маман Станимир Стойлов жаттықтырып жатыр. Бірақ оның келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. Бұған дейін ол елордалық клубтан кетіп, жаңа жұмыс орнын қарастырып жатқанын айтқан еді.