“Астанамен“ ойнайтын “Челси“ Конференция лигасында рекорд жасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
“Астанамен“ ойнайтын “Челси“ Конференция лигасында рекорд жасады
Фото ©️ chelseafc.com

Лондонның (Англия) "Челси" футбол клубы Конференция лигасының рекордын жаңартты. "Ақсүйектер" түнде өткен ойында Арменияның "Ноа" командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Ағылшындық ұжым жарыс тарихындағы ең ірі есеп айырмасын тіркеді. Қарсылас қақпасына жауапсыз 8 гол соғып, бұрын-сонды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін ең ірі есеп нәтижесі 2023 жылы "Норшелланн" мен "Лудогорец" (7:1) матчында тіркелген еді.

Айта кетейік, "Челси" 12 желтоқсан күні "Астанамен" ойнайды. Ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Билеттер 21 қарашадан кейін сатылымға шығады.

"Астана" болса кеше сырт алаңда екінші құраммен ойнап, Кипрдің "Пафос" командасына 1:0 есебімен есе жіберді. "Челсимен" өтетін ойынға дейін Конференция лигасында 28 қараша күні "Витория Гимарайншпен" (Португалия) ойнайды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!