Украина ұлттық құрамасы мен "Челси" командасының жартылай қорғаушысы Михаил Мудрик футболдан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды лондондық команданың ресми сайты.
Михаилдың қазан айында тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған заттың бары анықталған. Жуық арада "В" сынамасы қаралады. Одан да нақтыланатын болса, онда футболшыны ұзақ уақыт ойындардан шеттетуі мүмкін.
"Челси" командасы ойыншының қан сынамасынан допинг табылғанын растады. Украиналық футболшы оны саналы түрде қолданбағанын айтқан. Алдағы уақытта тараптар бұл оқиғаға қатысты зерттеу жүргізетін болады. Ал оған дейін Михаил ойындарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, "Челси" командасы 12 желтоқсан күні Алматыда "Астана" командасымен ойнады. Матчта ағылшындық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынға Михаил Мудрик келген жоқ еді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!