Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Оған 26 елден 210 спортшы қатысады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша сарапқа салынады.
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында келесі спортшылар қатысады:
• Кирилл Герасименко,
• Алан Құрманғалиев,
• Ескендір Харки,
• Айдос Кенжеғұлов,
• Санжар Жұбанов,
• Сарвиноз Миркадирова,
• Зәуреш Акашева,
• Анастасия Лаврова,
• Әнел Бақыт,
• Ангелина Романовская.
Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.