Астанада теннистен "Президент кубогы" басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Астанада теннистен "Президент кубогы" басталды

Бүгін Астанада теннистен "Президент кубогы" халықаралық жарысы басталды. Ерлер үшін Challenger АТР және әйелдер үшін ITF «Президент кубогының» жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайтын жарыс  шымылдығын түрді.

БӨЛІСУ

Теннис бәсекесіне 25-тен астам елдің саңлақ спортшылары қатысқалы отыр. Соның ішінде ерлер арасында 2009 жылғы Дэвис кубогының жартылай финалында ойнаған Дуди Села (Израиль,) да жарыс жолына шығады. Сонымен қатар, Константин Кравчук, Денис Мацукевич пен Теймураз Габашвили (Ресей), Марко Кьюденели (Швейцария), Иван Сергеев (Украина) және басқа да танымал теннисшілер бар. Ал әйелдер арасында португалдық Мария Жоао Кохлер бәсекенің басты үміткері ретінде саналып отыр. Байрақты бәсекеде теннисшілерге барынша мол ұпай жинау маңызды рөл атқарады. Өйткені, бұл жарыстағы жоғары нәтиже спортшыға әлемдік рейтингідегі өз орнын жоғарылатуға септігін тигізері сөзсіз.

"Президент кубогы" жолында еліміздің атынан Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Ксения Первак, Зарина Дияс, Камила Керімбаева, Тимур Хабибулин және басқа да жас теннисшілер Астана кортына шығады. Осыған дейін, 2008-2009 жылдары Андрей Голубев, 2011 жылы Михаил Кукушкин байрақты бәсекенің биігін бағындырған болатын. Биылғы жарыс жеңімпазы 18 000 АҚШ долларын қанжығасына байлайды. 

Қазақстандағы ірі халықаралық теннис турниры - ерлер үшін АТР және әйелдер үшін ITF «Президент кубогы» жарысы 28 шілдеге дейін жалғасады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: forbes.kz