Елордасы Астана қаласындағы "Сарыарқа" велотрегінде қазақша күрестен «Қазақстан Барысы 2014» турнирінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Айтулы додаға еліміздің 14 облысы мен 2 бас қаласынан аймақтық іріктеу жарыстарынан оза шыққан палуандар қатысуда. Олардың арасында 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев пен өткен жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров та бар.
Жарыста оза шауып, жауырыны жерге тимеген палуанға «Тайтұяқ» атты сый табысталып, оған 150 мың долларлық чек қоса беріледі. Екінші және үшінші орын алған палуандар да құр алақан қалмайды. Одан бөлек, жарысты тамашалауға келген көрермендердің арасында жеңіл көлік ұтысы ойнатылады.
Биылғы жылғы жарыста кімдер өнер көрсететі жөнінде мына жерден танысып, біле аласыздар.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: kazsporttv.kz